Рухани жаңғыру үрдісін ең алдымен бала тәрбиесінен бастау керек – Аида Балаева

686

Ұлттық құндылықтарын бағалап, саралай білген елдің қашанда болмысы бөлек. 

Рухани жаңғыру үрдісін ең алдымен бала тәрбиесінен бастау керек – Аида Балаева

Сенатта "Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғырудың негізі" тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осылай деп мәлімдеді. 

"Ұлттық құндылықтарын бағалап, санасын саралай білген елдің қашанда болмысы бөлек, рухы биік. Содан болар – ұлттық құндылықтар дегенде әдетте халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, ана тілі мен өнерін, мәдениеті мен әдебиетін айтамыз. Бұл әрбір азаматтың "ұлттық кодына" басылған қайталанбас дүние. Ал енді, қоғамдық сана – сол "ұлттық кодты" сақтай отырып, әрбір азаматымызды болашаққа баптай білудің бірегей құралы болмақ. Міне, осының бәрі – Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының ізімен қабылданған "Рухани жаңғыру" бағдарламасының түпкі мақсаты",– деді министр. 

Сонымен қатар Аида Балаева рухани жаңғыру үрдісін ең алдымен бала тәрбиесінен бастау керек деп есептейді. 

"Бұл үрдісті бала тәрбиесі мен жастардың рухани өсуінен бастау керек. Жасыратыны жоқ бала тәрбиесіне, олардың ойларының қалыптасуына бақылаудан тыс вертуалды әлемнің ықпалы зор. Өкінішке қарай жасөспірімдер арасында бір-біріне, айналасына, жануарларға деген қатыгездікке бейімдік, суицид, толеранттылықтың төмендігі сияқты түрлі келеңсіздіктерге жиі куә болып жүрміз. Бұның барлығы бір жақты қарайтын дүние емес, кешенді зерттеуді талап етеді. Бірақ оның түп негізінде қоғамдық қадағалау мен ұлттық тәрбиенің рөлі зор деп санаймын", – деді министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу