Алматы өз қаһармандарын іздеуде

799

"Алматы тұлғалары" байқауы жарияланды

Алматы өз қаһармандарын іздеуде

Мегаполистің дамуына үлес қосып жүрген тұлғалардың танылуын арттыру мақсатында "Алматы тұлғалары" байқауы жарияланды.

Байқау 2022 жылдың 16 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында сырттай өткізіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Онда Алматы қаласында тұратын 18 жастан асқан кез келген адам бақ сынай алады. Сайысқа қатысу үшін не істеу керек?

1. Кейіпкер туралы шағын бейне-ролик түсіріңіз, алған әсеріңізбен бөлісіңіз немесе кейіпкер (тұлға) толық сипатталған сурет жіберіңіз.

2. Бейнероликті YouTube сайтына орналастырыңыз немесе Almaty.tulgalary@gmail.com поштасына "Алматы тұлғалары" белгісімен жіберіңіз.

Сондай-ақ дайын жұмыстарды Instagram желісінде – Almaty_tulgalary; Tik Tok – Almaty_tulgalary хэштегімен; Facebook-те жариялауға болады.

Видео мен фотодағы мәтінде балағат сөздер мен үшінші тарап ресурстарына сілтемелер болмауы керек, бір адам бір ғана конкурстық жұмыс ұсына алады. Бейнежазбаның ұзақтығы 20 (жиырма) секундтан кем емес және 40 секундтан аспауы тиіс, сонымен қатар сурет 720 dрi кем емес сапамен көлденең түрде берілуі керек.

Бейне шолу конкурс үшін арнайы жасалуы тиіс, басқа авторлардың жұмысын, соның ішінде авторлық құқықпен қорғалған аудиовизуалды туындыларын көшіруге тыйым салынады. Әрбір жұмыста №1 қосымшаға сәйкес: жұмыстың аты, қатысушының аты-жөні көрсетілуі керек.

Байқау қорытындысы 2022 жылдың 15 қазанында әлеуметтік желілер мен "Алматы" телеарнасында шығарылып, жарияланады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен дипломға ие болады. Байқау талаптарына сай келетін жұмыстардың барлығы сайт пен YouTube арнасында жарияланады, ал ең қызықтылары әлеуметтік желілерге салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу