"Рухани жарымжан адамсың": Сотта Бишімбаев пен Нүкенованың өзара хаттары оқылды

589

Нүкенова өз жазбасында кек сақтамайтынын жазды. 

"Рухани жарымжан адамсың": Сотта Бишімбаев пен Нүкенованың өзара хаттары оқылды Фото: BaigeNews.kz

Салтанат: "Жарайды, екеуімізге бірге болу жазбапты. Қош бол, кек сақтамаймын, бірақ енді сені жақсы көрмеймін. Жүрегімнің жартысын жұлып, өшіріп тастаймын. Рухани жарымжан адамсың”.

Осы сөздерден кейін Салтанат Бишімбаевтың екі қоңырауына жауап бермеген. 15 шілде күні Салтанат кететіні туралы айтқан.

Салтанат: “Сен мен үшін көп нәрсе істедің. Саған барлығы үшін рахмет. Мен сенің адал болғаныңды білемін. Бұлай болғаны өкінішті. Бір-бірімізді бағалай алмадық”. 

Бишімбаев: "Мені де кешір. Екеуімізде бәрі жақсы болады. Өз арамыздағы сыйластық пен достықты жоғалтпайықшы”.

Салтанат: “Екеуіміз кездескенде менде ештеңе болған жоқ”. 

Салтанат: “Үйде сондай жақсы. Ақыры тыныштық таптым. Мен жалғыз қалып, бір апта уақытта ұрыспай, қашпай, тұрақтылықты сезінгім келеді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу