Рұқсат берілмеген митингіге қатысқан белсенділер ұсталды

966

Ұсталғандар аудандық ішкі істер бөліміне түсінік алу үшін жеткізілді.

Рұқсат берілмеген митингіге қатысқан белсенділер ұсталды

Алматыда рұқсат берілмеген митингіге қатысқан белсенділер ұсталды. Ескі алаңға 300-ден аса адам жиналған, деп хабарлайды Vlast.kz.

Ұсталғандар аудандық ішкі істер бөліміне түсінік алу үшін жеткізілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін ІІМ әкімшілік полиция комитетінің жетекшісі Мақсат Байболов сайлау күні рұқсатсыз митинг ұйымдастырылған жағдайда, полиция шара қолданатынын айтқан болатын.

Сайлау уақытында қоғамдық тәртіпті бақылауға жалпы 10 мың полиция қызметкері тартылған. Комитет басшысының айтуынша, заңнан тыс ешқандай шара қолданылмайды, бәрі де әрине заң аясында қарастырылады.

Мақсат Байболов қандай жағдай болмасын, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ішкі істер органдарының міндеті дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу