Рұқсат етілмеген жерде көлікті қалдыру бойынша 20 мың әкімшілік хаттама толтырылды

923

Рұқсат етілмеген жерде көлікті қалдыру бойынша  20 мың әкімшілік хаттама толтырылды

Жол көлік ережелерінің ішінде ең көкейкесті құқық бұзушылық рұқсат етілмеген жерде көлікті қалдырып кету болып отыр. Көбіне жүргізушілер ірі базар мен сауда үйлерінің маңында көлігін қалдырады. Бұл қозғалысқа кедергі келтіреді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Сол себепті жергілікті полиция қызметі арнайы рейдттер жүргізеді. Астаналық ЖПҚ басшысы Бақытжан Малыбаевтың мәліметінше, күн сайын эвакуаторлар айып тұрағына 15-тен 20-ға дейін автомобильдер әкеледі. Мұндай заң бұзушылыққа 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

"Бүгінгі күнге бізде 20 мың әкімшілік хаттама толтырылған. Бір жарым мыңнан астам көлік құралдары біздің эвакуаторларымыздың көмегімен айып тұрағына қойылды", - деді Б.Малыбаев.

Бұған дейін хабарланғандай, жол көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында елорда жолдары бойында қосымша қоршаулар орнатылады.

Ресми мәліметтерге сай, Қазақстан астанасында жыл басынан бері 72 мыңға жуық ЖҚЕ сақтамау фактілері тіркелген. Әкімшілік жауапкершілікке 5 мыңға жуық жаяу жүргінші тартылған. Балалардың қатысуымен ЖКО алдын алу мақсатында 1 қыркүйектен барлық мектептер жанында патруль кезекшілік етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу