Рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастаған қарағандылыққа айыппұл салынды

613

Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастаған қарағандылыққа айыппұл салынды Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды тұрғыны 7 сәуірде ЖЭО-1 ауданындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісіне 20 жүк көлік көлемінде қалдықтар шығарған. Мұны Қарағанды облысының Экология департаментінің мамандары жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлескен рейд кезінде анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344 – бабында ("Қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу") айыппұл қарастырылған: жеке тұлғалар үшін – 50 АЕК (172 500 тг.), лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 100 АЕК (345 мың тг.).

Заң бұзған қарағандылық барлық қоқыстарды заңды қоқыс үйіндісіне шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу