Рұқсатсыз қалдық орындары ғарыштық түсірілім арқылы анықталды

Былтыр облыс аумағынан 74 рұқсатсыз қалдықтар орны табылған. 

Рұқсатсыз қалдық орындары ғарыштық түсірілім арқылы анықталды Фото: dzen.ru

Жауапты органдар анықталған жердің бәрі 100 пайыз жойғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰҚ" АҚ арасында рұқсатсыз қалдықтар орналасқан жерлерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық түсірілім қызметін көрсету бойынша келісімшарт жасалған болатын. Соған сәйкес, 2018 жылдан бері бей-берекет орналасқан қоқыс алаңдары толығымен тазартылып келеді. 

Бүгінде "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰҚ" АҚ-мен ғарыштық түсірілім қызметі негізінде Қызылорда облысы аумағында 120 рұқсатсыз қалдықтар орны анықталған. 

– Департаменттің жергілікті атқарушы органдармен бірлесе атқарған іс-шаралары нәтижесімен анықталған қалдықтар орны 100% жойылды. 

Бұған дейін, Қызылорда қаласының 50 шақырымдық радиусы аумағында 2018 жылы – 240 орын, 2019 жылы – 228 орын, 2020 жылы – 136 орын, 2021 жылы – 105 орын, 2022 жылы – 99 орын, 2023 жылы 74 рұқсатсыз қалдықтар орны анықталып отыр, – деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша экология департаменті. 

2018 жылдан бері қарай шешімін таппай келе жатқан біршама заңсыз қалдықтар орны бар екені белгілі. Аталған орындар жылда Геопортал жүйесіне космостық бейне-түсіріліммен енгізілуде. 

Облыстық экология департаменті мамандары облыс аумағында рұқсатсыз қалдықтар орындары жыл сайын тазартылғанымен, тұрғындардың қоқыс тастайтын әдеттері тыйылмағанын айтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу