Румыния елдегі НАТО сарбаздарының санын көбейтуге шақырды

641

Бұл елде ресми түрде әскери топтың құрылуы 1 мамырда басталды. 

Румыния елдегі НАТО сарбаздарының санын көбейтуге шақырды

Румынияның аумағында орналасқан НАТО сарбаздарының санын көбейту қажет. Елдің Сыртқы істер министрі Богдан Ауреску осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазіргі уақытта бұл елде НАТО-ның 5 мыңнан астам сарбазы бар. Ауреску олардың ұзақ мерзімге қалуын көздеп отыр. Ол одақтастарды әскерилердің санына ғана емес, сонымен қатар олардың басқа да параметрлеріне назар аударуға шақырды.

"Румынияда ресми түрде әскери топтың құрылуы 1 мамырда басталды. Бұл процесс 2022 жылдың соңына дейін аяқталады деп үміттеніп отырмыз. Бұл біздің қаншалықты тез әрекет ететінімізге және осы жауынгерлік топтың құрамына кіретін одақтастарға байланысты", – деді министр. 

Бұған дейін Румыния Президенті Клаус Йоханнис НАТО-ға мүше елдердің, әсіресе АҚШ-тың Еуропадағы әскери күштерді көбейту және одақтың шығыс қапталын нығайту туралы шешімін құптаған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу