Румыния еңбекақыны өсіріп, салықты азайтпақ

699

Румыния еңбекақыны өсіріп, салықты азайтпақ

Биыл Румыния ЖІӨ-нің бюджет тапшылығын 3%-ға дейін азайтады, деп хабарлайды 24.kz

Бұл ретте экономиканың өсу қарқыны ресми болжам бойынша 5,2%-ға артты. Осы елдің қаржы министрінің айтуынша, бұл еңбекақының өсуі мен салықтың азаюы арқасында мүмкін болмақ. Мемлекет келесі жылы салықтық жеңілдіктерге қатысты ауқымды бағдарламасын жалғастырады. Бұл қазірдің өзінде Еурокомиссия мен Халықаралық валюта қорының алаңдаушылығын тудырып отырған мәселе. Дегенмен, елдің қаржы министрі оларға еш алаңдаудың қажеті жоқ екендігін айтады. Себебі жыл басынан бері құрылған 100 мың жаңа жұмыс орны олқылықтардың орнын толтырады деп сендірді. Вьорел Штефан, Румыния қаржы министрі:

- Бұл тоқсандағы өсім басқасына қарағанда бәсеңдеуі ісімізге кері әсер етпейді. Қаржы қорын бақылап отыру қажет. Себебі, онда кәсіпкерлер румын экономикасына сенім білдіретіндігі айқын көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу