Румыния мен Болгарияның Шенген аймағына кіру процесі аяқталды

888

Соңғы 7 жылда Еуропарламент Румыния мен Болгарияны Шенген аймағына кіргізу мәселесін 5 рет талқылады. 

Румыния мен Болгарияның Шенген аймағына кіру процесі аяқталды

Еуропалық парламент Шенген аймағына Болгария мен Румыния елдерін қосу туралы шешім қабылдады. Қарарды 514 депутат қолдап, 107-сі қарсы шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кеткен жөн, екі мемлекеттің Шенген аймағына кіру процесі көп жылға созылды. Соңғы 7 жылда Еуропарламент Румыния мен Болгарияны Шенген аймағына кіргізу мәселесін 5 рет талқылады. Себебі ұсыныс кей еуропалық елдердің тарапынан сынға ұшыраған. Мысалы Голландия елі Румыниядағы сыбайлас жемқорлықпен байланысты жанжалдар көп аладаушылық туғызып отырғанын алға тарқан болатын.

"Шенген туризм мен шекараны кесіп өту үшін ыңғайлы. Жалпы болгарлар Еуропада көп жылдан бері еркін жүріп тұрады. Бірақ енді шекарадан өту үшін қажетті құжаттар тізімі қысқарды. Бірақ бұл Шенген визасының құнына бірден әсер ете қоймас. Жалпы Болгария 2007 жылы Еуроодаққа кіргеннен бері тауарлар салықсыз тасымалданады. Оның үстіне қазір елге инвестиция салушылардың қарасы көбейген. Жалпы шенгенге кірудің пайдасы мол", – дейді Болгариядағы еуропалық комиссия өкілі Огнян Златев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу