Бұл туралы Antena 3 телеарнасы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Арнаның мәліметтері бойынша, мылтықпен қаруланған әскери қызметшілерді Марамуреш шекарашылары шекараны заңсыз кесіп өткеннен кейін ұстаған.
Украиндар тұманнан адасып, білместіктен Румыния шекарасынан өткендерін хабарлады. Кейіннен олар Украинаға жіберіледі, деп хабарлайды телеарна.
Оқиғадан бір сағат бұрын Румыния шекарашылары шекарадан заңсыз өткен тағы бірнеше украиналықтарды тапқан, дейді Antena. Олар соғыстан қашу үшін Румынияға келгендерін айтқан. Кейінірек олар босқындар орталығына беріледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу