Румыния Транскаспий халықаралық көлік бағытына қызығушылық танытуда

378

Румынияда Халықаралық автомобиль тасымалдары бойынша Бірлескен комиссияның бірінші отырысын өткізуді ұсынды.

Румыния Транскаспий халықаралық көлік бағытына қызығушылық танытуда Фото: Көлік министрлігі

Астанада ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадалина Лупумен кездесуі өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Кездесуде көлік, логистика және авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Көлік министрі Марат Қарабаевтың Румынияға алдағы сапары талқыланды.

Қазақстандық тарап алдағы сапар аясында Румыниямен Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында ынтымақтастықты дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

Сонымен бірге, Вице-министр Румынияның ТХКБ аясындағы рөлінің маңыздылығын, сондай-ақ екі ел компанияларының белсенді қатысуын және жүк тасымалдаушылар арасындағы жақсы жолға қойылған байланыстары туралы жеткізді.

Атап айтқанда, тараптар Еуропамен көлік байланысын жақсарту мақсатында өзара ынтымақтастық пен ТХКБ дамыту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Румынияда Халықаралық автомобиль тасымалдары бойынша Бірлескен комиссияның бірінші отырысын өткізуді ұсынды.

Елші қабылдау үшін алғыс айтып, екі елдің ТХКБ аясындағы ынтымақтастығы Қазақстан мен Румыния арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың кілті болып табылатынын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар көлік саласындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді және өткен іскерлік әңгіме үшін алғыс айтты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу