Румынияда жаңа үкімет құрамы таныстырылды

930

Румынияда жаңа үкімет құрамы таныстырылды

Румынияның басқарушы коалициясы сейсенбі күні жаңа үкімет құрамын таныстырды. Социал-демократиялық партияның мүшесі Сорин Гриндяну құрған  жаңа кабинетке 27 адам еніп отыр. Оның төртеуі Либералдар мен демократтар альянсының мүшесі болса, 23-і  СДП мүшесі.

Басқарушы коалиция жариялаған тізімге сәйкес, үкімет басшысы тағына кандидатурасын президент Клаус Йоханнестің өзі алып тастаған Севиль Шайдех вице-премьер және аймақтық даму министрі қызметін қоса атқарады.  Либералдар мен демократтар өкілі Даниэль Константин вице-премьерлікпен қоса  қоршаған ортаны қорғау министрі қызметін атқаратын болды. Жаңа үкіметтің құрамында сегіз әйел министр бар, деп жазады Синьхуа-Ресей жаңалықтары.

Күн тәртібінде қарастырылғандай, 4 қаңтарда парламенттің тиісті комиссияларында  тыңдаулар  және тағайындалған премьер-министр мен кабинеттің өзге мүшелеріне  сенім вотумына дауыс беру өтеді.

Естеріңізге сала кетейік,  Румыния парламентінің сайлауы 11 желтоқсанда өтті. Парламентте басым орынға ие болған СДП, ЛДА-мен бірлесіп басқару жөнінде келісімге қол қойды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу