Румынияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімі жарияланды

934

Румынияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімі жарияланды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында Румыния және Армения ұжымдарына қарсы кездесулерге қатысатын футболшылар құрамы белгілі болды. Бұл туралы Qsport.kz хабарлайды.

Қазақстан құрамасы қазан айында екі кездесу өткізеді. Тарқатып айтсақ, 6 қазан күні түнде Румыния құрамасына қарсы ойнаса, 8 қазан күні өз алаңымызда Армения құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Бас бапкер Александр Бородюк бұл кездесулерге қатысатын футболшылардың соңғы тізімін жариялады.

Қақпашылар: Давид Лория ("Ертіс"), Стас Покатилов ("Қайрат"), Игорь Шацкий ("Шахтер"); Қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый (бәрі – "Астана"), Гафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов (екеуі – "Қайрат"), Виктор Дмитренко ("Шахтер"), Дмитрий Мирошниченко ("Тобыл");

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, ("Қайрат"), Асхат Тағыберген ("Астана"), Еркебұлан Тұңғышбаев, Азат Нұрғалиев (екеуі – "Ордабасы"), Мақсат Байжанов ("Қайсар"), Аслан Дарабаев ("Ертіс");

Шабуылшылар: Роман Мұртазаев ("Астана"), Таңат Нөсербаев ("Ордабасы"), Алексей Щеткин ("Тобыл"), Сергей Хижниченко ("Шахтер"), Бауыржан Тұрысбек ("Қайрат").  Румыния мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойынға швейцариялық төрешілер қазылық жасайтын болды. Ойында бас төреші қызметін Сандро Шерер атқарады. Оған алаң жиегінде Стефан Де Алмейда мен Сладан Йосипович көмектеседі. Төртінші төреші қызметінде Ален Бьери болады. Өткен жылы швейцариялық бас төреші "Астана" мен "Жальгирис" арасындағы ойынға қазылық жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу