Каспийде бес мемлекетке саяхаттататын маршрут ашылады

728

"Русь Великая" кемесін күтіп отырмыз".

Каспийде бес мемлекетке саяхаттататын маршрут ашылады

Каспий теңізінде круиздік туризмді дамыту бойынша бес мемлекетте жұмыс жүрігізіліп жатыр. Шеңберлі бағыт Қазақстан-Түрікменстан-Иран-Әзербайжан-Ресей мемлекеттерінің арасын жалғайды. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз жақтан Ақтау қаласының қалай түрленгенін көріп отырсыздар. Жағалау абаттандырылып, қонақүйлер бой көтерді. Ендігі күтіп отырғанымыз – круиз лайнері. Оны Ресей тарапы Астраханьда салып жатыр. "Русь Великая" деген кеме болады. Келесі жылы жасалып болады ғой деймін", – деді Тілепов. 

Оның айтуынша, маршрут Астраханьнан Ақтауға, Ақтаудан Түрікменстанның "Аваза" деген демалыс базасына, одан әрі қарай Иранға (Намирабад), Намирабадтан Баку мен Махачкалаға бағытталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу