Руслан Берденов: 700 мыңнан астам оқушы құмар ойынға бәс тіккен

1472

Елімізде букмекерлік бизнес айналымы соңғы бес жылда 35 есе өскен.  

Руслан Берденов: 700 мыңнан астам оқушы құмар ойынға бәс тіккен Фото: azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Руслан Берденов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, тұтынушы несие нарығының кері көрсеткішінің басым бөлігін лудомандар құрайды. 

"Олар бәс тігу үшін бәріне дайын. Несие алу, құқықбұзушылық, алаяқтық, тіпті ауыр қылмыс жасап жатыр. Еліміздегі 157 000 құқық бұзушылықтың 20%-ы немесе 31 000-ы құмар ойындары кесірінен жасалған. Ал ажырасудың 38%-ның себебі – құмар ойындары. Құмарлықтың соңы әр жанұяға қасірет болып,  арты қайғылы оқиғаларға соқтырып жатыр. 3 676 суицидтің әрбір 5-ші жағдайы құмар ойынына байланысты", - деді ол Мәжілісте өткен Парламенттік тыңдауда.

Мектеп жасындағы 3,5 млн баланың 700 мыңнан астамы бір рет болсын бәс тіккен, деп жалғастырды спикер. 

"Бұл Қазақстандағы 1 млн-нан астам құмар ойыншы санының одан да ары өсетінін көрсетеді", - деді депутат.

Руслан Берденов келтірген деректерге сәйкес, 2017 жылдан бастап букмекерлік бизнес айналымы 15,5 млрд теңгеден 2022 жылы 553,6 млрд теңгеге дейін 35 есе өскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу