Руслан Берденов қызметтен кеткен жоқ – әкімдік

239

Қала әкімінің орынбасары, әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек Руслан Берденовтің қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Руслан Берденов қызметтен кеткен жоқ – әкімдік Фото: Мәжіліс

Оның айтуынша, Берденовтің жұмыстан босатылғаны туралы ресми бұйрық шықпаған. Қазір ол еңбекке жарамсыздық парағымен ем қабылдап жатыр.

"Ресми құжат шықпайынша, ол қала әкімінің орынбасары болып есептеледі. Әзірге жұмыста деп саналады", – деді Сәрсен Құранбек.

Сонымен бірге ол әкім орынбасарларының құрамы туралы да айтты. Заңға сәйкес, облыс пен республикалық маңызы бар қалада әкімнің бес орынбасары болады. Қазіргі таңда Шымкент қаласы әкімдігінде бір орынбасар еңбекке жарамсыздықта, бір орын бос, қалған үш орынбасар өз қызметін жалғастырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу