Руслан Берденовке бұған дейін қоқан-лоқы көрсетілген

430

Оқ атқан адам бұрын Руслан Берденовтің қол астында жұмыс істеген.

Руслан Берденовке бұған дейін қоқан-лоқы көрсетілген Фото: kz.kursiv.media

Журналист, белгілі кәсіпкер Бейбіт Әлібеков болған жағдайды қаладағы құрылыс саласында тәртіп орнатумен байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жеке өзім бұл жағдай Шымкенттегі құрылыс саласында тәртіп орнатумен байланысты болуы мүмкін деп ойлаймын, букмекерлерге қатысы бар дегенге күмәнім бар. Тек бүгін ғана осы тақырыпта қатаң жиналыс өтті. Маған Русланға қоқан-лоққы жасалғанын айтқан еді", - деп жазды кәсіпкер өзінің Telegram-арнасында.

Ол оқ атқан адамның Русланның қол астында жұмыс істегенін, әкімдікке қарасты ЖШС-нің басшысы болғанын және жуырда жұмыстан босатылғанын жазды.

"Өкпесі мен бауырына зақым келген. Бірақ бәрі жақсы болады", - деп қосты Бейбіт Әлібеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу