Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, айыпталушы Ернар Жиенбай екі бірдей бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр.
"Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Жиенбайға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу") және 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айыпталып отыр", – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу