Руслан Дәленов қызметінен кеткелі жатыр

1696

Министр кәсіпкерлікті дамыту департаменті директоры Асланбек Жақыповқа қатысты сот шешімі күшіне енгеннен кейін өтініш бермек.  

Руслан Дәленов қызметінен кеткелі жатыр Фото: primeminister.kz

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өзінің қарамағындағы – кәсіпкерлікті дамыту департаменті директоры Асланбек Жақыповқа қатысты сот шешімі күшіне енгеннен кейін отставкаға өтініш береді, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан.

"Сот шешімі күшіне енгеннен кейін, отставкаға өтініш беремін", – деді ұлттық экономика министрі журналистерге сенат сыртында болған әңгімеде.         

"Бұл – дұрыс тәжірибе. Бірінші басшының отставкаға беруі – бұл оның моралдық міндеті", – деді ол.

Жақында, бірқатар БАҚ Нұр-Сұлтан қаласының  Есіл аудандық соты кәсіпкерлікті дамыту департаменті директоры Асланбек Жақыповтың Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлімі, 2-тармағы ( мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен) бойынша бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу