Руслан Дәленов жаңа қызметке тағайындалды

1265

Осыған дейін Руслан Дәленов ҚР Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған еді.

Руслан Дәленов жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Ұлттық экономика экс-министрі Руслан Дәленов Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2021 жылдың 12 ақпанында Руслан Дәленов Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Сонымен қатар ол ЕАДБ басқармасының құрамына кірді", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, ЕАДБ басқармасының құрамына басқарма төрағасының орынбасарлары Сергей Васильев, Леонид Грачков, Денис Ильин, Данияр Иманғалиев, Амангелді Исенов, Елена Кубанова, Ярослав Мандрон, Берік Мұхамбетжанов, Тигран Саркисян кірді.

Еске салайық, Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) – халықаралық қаржы ұйымы. Ол Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның интеграциясы мен дамуына ықпал ететін қаржы ұйымы болып саналады. ЕАДБ-дің жарғылық капиталы – 7 миллиард доллар.

Банкті 2006 жылдың қаңтарында Қазақстан мен Ресей құрған. Оның штаб-пәтері Алматыда орналасқан.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу