Руслан Иманқұлов ҚТЖ басшысының кеңесшісі болып тағайындалды

880

Бұл тағайындауға дейін Руслан Иманқұлов азаматтық қорғаныс органдарында қызмет етті және ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі болды.

Руслан Иманқұлов ҚТЖ басшысының кеңесшісі болып тағайындалды

"Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма басшысы Қанат Алпысбаевтың бұйрығымен Иманқұлов Руслан басқарма басшысының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Руслан Иманқұлов БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелерін қадағалап, "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметі туралы халықты ақпараттандыру және хабардар етумен айналысады.  Қанат Алпысбаев Руслан Иманқұловты ұжымға таныстыра отырып, "ҚТЖ" ҰК" АҚ үнемі азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашық және қолжетімді имиджді қалыптастырғанын атап өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесудің тиімді тетіктерін жолға қоюдың маңыздылығына тоқталды.

Бұл тағайындауға дейін Руслан Иманқұлов азаматтық қорғаныс органдарында қызмет етті және ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу