ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі.
2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2017 жылы – М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2020 жылы – Назарбаев университетін тәмамдаған.
Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.
2014-2017 жылдары – "Транстелеком" АҚ басқарушы директоры, президентінің кеңесшісі.
2017-2018 жылдары – "Астана – жаңа технологиялар – 2008" ЖШС директоры.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Транстелеком" АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникация жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.