Руслан Өскенәлі 1984 жылы дүниеге келген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ Woodbury University университетінде MBA дәрежесін алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның еңбек жолы "Қазақмыс" корпорациясы, Alstom және General Electric секілді ірі халықаралық және ұлттық компаниялармен байланысты.
2024 жылдың наурыз айынан бастап Руслан Өскенәлі "Qarmet" компаниясында жабдықтау жөніндегі директор қызметін атқарды. Бұл лауазымда ол сатып алу жүйесін стратегиялық дамыту, жабдықтау процестерін оңтайландыру бағытында жұмыс істеді. Сонымен қатар басқарма мүшесі ретінде компанияның басқарушылық шешімдеріне қатысқан.
Жалпы алғанда, Руслан Өскенәлі ірі өндірістік кәсіпорындардың активтері мен операциялық қызметін басқару, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыру саласында мол тәжірибеге ие.