Қазақстанның Қорғаныс министрі ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен кездесті

529

Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Қорғаныс министрі ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен кездесті

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде Мәскеуде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі талқыланды.

Кадрларды даярлау, жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларын өткізу, әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша тыңғылықты диалог болды. Тараптар Орталық Азия өңіріндегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу