Солтүстік Қазақстан облысында тасқын судан зардап шеккендердің барлығына өтемақы беріледі. Қауіпті аймақтарды аралаған облыс басшысы Құмар Ақсақалов жұртқа осындай уәде берді. Қазір өңірдегі бірқатар аймақта әлі де төтенше жағдай жарияланған.
Компенсация арнайы құрылған қор есебінен өтелмек екен. Сондықтан судың беті қайтысымен, бүлінген мүлік санын есептеу басталады. Мәселен, бір Рузаевка ауылында әзірге судан 235 үй қирап, 600-ден астам адам қауіпсіз аймаққа көшіріліпті. Өлген мал басы 90-ға жуық. Жалпы биыл су тасқыны еліміздің 6 бірдей облысында тіркелді. Еріктілер де жәрдем қорларын құрып жатыр. Бүгін мәдениет және спорт министрі көпшілікті көмекке шақырып, фейсбук парақшасында үндеу жариялапты.
Автор: Құралай Пионер