Ресейдің Рязань облысындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыс болып, салдарынан жарақат алғандардың саны 16-ға жетті. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
7 қазанда осы облыстың Желтухино елдімекені маңында орналасқан қойма территориясында шөп өртеніп, қызыл жалын оқ-дәрі сақталатын алаңды шарпып, артынан жарылыстар басталған еді. Билік апаттан қаза тапқандар жоқ деп отыр.
6 адамды өр кезінде күйік шалса, қалған 10-ы өрт салдарынан зардап шеккен. Қазір олардың барлығы да ауруханада.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу