Рязань облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

911

Жарылысқа технологиялық процестің бұзылуы себеп болған.

Рязань облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

Ресейдің Рязань облысындағы Лесное ауылында орналасқан зауытта болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 16-ға жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.  

Бұған дейін жергілікті басылымдар жеті адам ажал құшты деп хабарлаған еді. Өрт болған жерді тексеру кезінде ешкімнің аман қалмағаны белгілі болды.

"Эластик" деп аталатын зауыттағы оқ-дәрі шығаратын цех 22 қазанда жарылды. Ресейлік ТЖМ әзірге жеті адамның қаза тауып, он адамның зардап шеккенін растады.

Өрт салдарынан цех ғимаратының тас-талқаны шыққан. Ғимарат іші түгелдей өртке оранды. Жарылысқа технологиялық процестің бұзылуы себеп болған.

Табиғат Нұрболат

Фото: "BAZA" телеграм каналынан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу