Рыбакина China Open синглінің үшінші раундына шықты

952

Ширек финалға шығу үшін Елена енді 16 жастағы ресейлік Мирра Андреевамен ойнайды.

Рыбакина China Open синглінің үшінші раундына шықты Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA-1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында Германия өкілі Татьяна Марияны жеңді.

Аталған матч 7:5, 6:0 есебімен Қазақстан спортшының пайдасына шешілді.

Ширек финалға шығу үшін Елена енді спортшымыз Анастасия Павлюченкованы жеңіп кеткен 16 жастағы ресейлік Мирра Андреевамен ойнайды.

Бұған дейін әлемнің бесінші ракеткасы Қытай өкілі Чжэн Циньвеньді (WTA рейтингінде 23) 6:1, 6:2 есебімен жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу