Рыбакина Мексикада өтіп жатқан турнирдің алғашқы кезеңінде жеңіліп қалды

285

Ол АҚШ-тық Джессика Пегулаға жол берді.

Рыбакина Мексикада өтіп жатқан турнирдің алғашқы кезеңінде жеңіліп қалды Фото: prosports.kz

Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы матчында жеңіліп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандық теннисші әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға 5:7, 2:6 есебімен есе жіберді.

Бакалар тобында әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко рейтингте 9-орында тұрған грекиялық Мария Саккариді 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

WTA қорытынды жарысына алғаш рет қатысып жатқан Рыбакина келесі ойынын Мария Саккаримен өткізеді. Содан кейін Арина Соболенкомен кездеседі. Жартылай финалға шығу үшін қалған екі бәсекеде жеңуі қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу