Рыпакова мен Сафронова "Гауһар лигасында" сегіздікке енді

685

Швейцарияның Лозанна қаласында жеңіл атлетикадан "Гауһар лига" турнирі өтті.

Рыпакова мен Сафронова "Гауһар лигасында" сегіздікке енді

Швейцарияның Лозанна қаласында өткен жеңіл атлетикадан "Гауһар лигасы" турнирінде қазақстандық Ольга Рыпакова мен Ольга Сафронова бақ сынады, деп жазады Olympic.kz. 

200 метрге жүгіруден сынға түскен Ольга Сафронова 7-орын иеленді. Ол аталған қашықтықты 23.53 секундта жүгіріп өткен. Бұл сында америкалық Габриела Томас (22.69). Күміс жүлдені Ұлыбритания, қола жүлдені Бахрейн спортшылары иеленген.  Үш қарғып секіруден бақ сынаған Ольга Рыпакова 14.35 метр көрсеткішімен 8-ші орынға тұрақтады.

Рыпакованың басты қарсыласы, колумбиялық Катерина Ибаргуэн 14.89 көрсеткішімен топ жарса, күміс және қола медальді Венесуэла мен Куба спортшылары еншіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу