Рыпакова WORLDATHLETICS атлеттер комиссиясының құрамына енді

746

Танымал спортшы әлем спортына қосар үлесі үшін қуанышты екенін жеткізді. 

Рыпакова WORLDATHLETICS атлеттер комиссиясының құрамына енді

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Халықаралық жеңіл атлетикалық федерациялар қауымдастығының (IAAF) отырысында WorldAthletics атлеттер Комиссиясының құрамына енді, деп хабарлайды olympic.kz.

 "Жеңіл атлетиканы спорт падишасы деп бекерге айтпаса керек. Жеңіл атлетиканың кез келген түрінен әлемдік деңгейдегі турнирлер жыл санап артып келеді. Табысты спортшылардың ізін жалғайтын жаңа буынның өсіп келе жатқаны қуантады.  "WorldAthletics" комиссиясына енгенім мен үшін үлкен мәртебе. Өйткені, бұл жеңіл атлетикадағы ұйымдар мен іс-шараларды бақылайтын жоғарғы орган. Мұндай құрылымның бір бөлшегі болу – өз ұсынысыңды білдіріп, біздегі спорт әлемін жақсартуға мүмкіндік береді. Осы орайда, мұндай қызметке тағайындалған жеңіл атлеттерді құттықтаймын. Біздің спортшылардың құқығын қорғау жолында бірге жұмыс істейміз. Маған артылған сенімді ақтауға тырысамын", – деп жазды Рыпакова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу