Сəуірге дейін 115 павильонның құрылысы толық аяқталады

673

Сəуірге дейін 115 павильонның құрылысы толық аяқталады

Наурыз айының соңына дейін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын 115 елдің павильонының құрылысы толық аяқталады. Бұл туралы бүгін журналистерге "Астана ЭКСПО-2017" АҚ халықаралық қатысушылармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Илья Оразақов мəлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

"Көрмеге қатысатын 115 елдің 113-іне павильондары тапсырылды. 12 елдің павильоны тапсыруға дайын тұр деуге болады. Ай соңына дейін 115 елдің барлығына павильондарын тапсырып қоямыз", – дейді департамент директоры.

Оның айтуынша, егер ЭКСПО компаниясы қолынан келгенше, қатысушы елдердің кез келген ниет-тілегі орындалауға тырысады.

"Алайда егер қатысушы елдің сұрауы қауіпті болса, онда өтінішті қанағаттандыра алмаймыз", – дейді Илья Оразақов.

Айта кетейік, бүгін ЭКСПО компаниясында Қытай мен Аустрия елдерінің павильондары табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу