Америка қор индекстері 11 шілде күнгі саудада жағымды динамика көрсетті. Себебі инвесторлар маусым айындағы АҚШ-тағы инфляция туралы есепті күтуде.
12 шілде АҚШ-тағы инфляция деңгейіне қатысты соңғы деректер жарияланады. Trading Economics сауалнамасына қатысқан сарапшылар орта есеппен әлемдегі ең ірі экономикадағы тұтыну бағасының өсу қарқыны мамырдағы 4%-дан өткен айда 3,1%-ға дейін баяулады, деп болжайды.
Бұл ретте Amazon.com Inc акциялары 1,8%-ға өсті. Интернет-платформа екі күнге созылатын Prime Day жазғы сатылымын бастады.
Dow Jones Industrial Average 0,38%-ға өсіп, 34074,28 тармақты құрады. Ал Standard & Poor's 500 құны 0,12%-ға - 4414,99 тармаққа дейін жоғарылады.