S&P агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

642

Сарапшылар 2021 жылға дейін жаңа салық кодексіндегі жеңілдіктер мен артықшылықтар мемлекеттің табысын арттырып, теңсіздікті азайтады деген пікірде.

S&P агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

7 қыркүйек күні S&P агенттігі "Тұрақты" деген болжаммен Қазақстанның "BBB-/A-3" деңгейіндегі тәуелсіз кредиттік рейтингін растады, деп хабарлайды ҰЭМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның рейтингіне оң әсер ететін негізгі факторлар – Ұлттық қордың қосымша кірістерінің есебінен қалыптасқан оң баланстық көрсеткіштер мен алдағы 4 жылда жиынтық көлемі Қазақстанның сыртқы өтімді активтерінен аспайтын мемлекеттік борыш.

Сарапшылардың пікірінше, шығыстарды шектеу және мемлекеттік кірістер бюджеттің теңгеріміне ықпал етеді. Бұған қоса, S&P сарапшыларының есептеуіне сәйкес, 2021 жылға дейін шоғырландырылған бюджетте кішігірім оң сальдо орын алады деген болжам бар. Бұдан басқа, инфляция 2016 жылғы қос таңбалы көрсеткіштерді былай қойғанда, биыл Ұлттық банк белгіленген дәлізден (5-7%) төмен қалыптасуда.

Сарапшылар 2021 жылға дейін жаңа салық кодексіндегі жеңілдіктер мен артықшылықтар мемлекеттің табысын арттырып, теңсіздікті азайтады деген пікірде.

Сондай-ақ, мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламалары 2018-2021 жылдардағы экономикалық өсу қарқынына сай болмақ және орташа өсу 3%-ды құрайды деп бағаланды.

"Тұрақты" болжамы алдағы екі жылда мемлекет пен сыртқы бухгалтерлік баланс тұрақты болатынын көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу