S&P: Биыл Қазақстан экономикасының негізгі факторы мұнай болмайды

1130

Standard&Poor’s Global Ratings агенттігі Қазақстан экономикасының рейтингін "BBB-/A-3" деңгейінде растады және "тұрақты" деп болжам жасады.  Биыл      

S&P: Биыл Қазақстан экономикасының негізгі факторы мұнай болмайды

Жаңартылған бағалауға сәйкес, несиелік рейтинг "BBB-/A-3" деңгейіндегі пандемияға дейінгі көрсеткіштерге сәйкес келеді, болжам әлемдегі және аймақтағы экономикалық жағдайдың белгісіздігіне қарамастан "тұрақты", деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтемемен.

S&P Global Ratings атап өткендей, ҚР Үкіметінің пандемияның экономикаға ықпалын азайту шаралары және билік сабақтастығы арқылы мемлекеттік институттар тұрақтылығының жоғары деңгейі – кредиттік рейтингтер тұрақтылығының басты факторлары болды.

Одан бөлек, агенттіктің пікірінше, Қазақстан рейтингіне елдің тұрақты фискалдық ұстанымы мен сыртқы борыштың төмен деңгейі қолдау болып отыр. Рейтинг агенттігі басқа да озық халықаралық қаржы институттары секілді ұлттық экономиканың қысқа мерзімде күрт қалпына келетінін болжауда.

Агенттіктің бағалауынша, 2021 жылы ЖІӨ өсу қарқыны 3,2%-ды құрамақ. Сонымен бірге 2021 жылы ұлттық экономиканың өсуінің негізгі факторы мұнай емес, құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі салалары болуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанның пандемияға дейінгі кредиттік рейтингтерін Fitch (19.02.2021) және Moody's (17.02.2021) кредиттік агенттіктері де жариялаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу