S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан бойынша елдік шолуды жаңартты

2023 жылдың қорытындысы бойынша экономика өсімі шамамен 5% құрайды. 

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан бойынша елдік шолуды жаңартты Фото: solva.kz

4 қыркүйекте S&P рейтингтік агенттігі Қазақстан бойыншы егеменді кредиттік рейтингін талдау аясында Қазақстан бойынша жаңартылған шолуды жариялады. 

"BBB–" деңгейіндегі кредиттік рейтинг, болжам – "тұрақты" өзгерген жоқ.

S&P агенттігі болжамның тұрақтылығы елеулі сыртқы резервтердің сақталуы мен мемлекеттік борыштың төмен деңгейімен түсіндірілетінін атап өтті. Бұл факторлар сыртқы тәуекелдердің ықтимал салдарын болдырмау үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

S&P болжамдарына сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша экономика өсімі шамамен 5% құрайды. Оған құрылыс, сауда, ақпараттық-коммуникациялық, көлік және тау-кен өндіру секторларының даму үрдісі себеп болады. Мұнай мен мұнайға жатпайтын секторлардың дамуынан 2023-2026 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің орташа өсімі 4% құрайды.

S&P талдаушыларының болжамы бойынша, инфляция 2023 жылы орташа есеппен 14% құрайды, ал 2026 жылға қарай Ұлттық Банктің мақсаттық деңгейіне сәйкес келетін 5%-ға дейін баяулайды. S&P пікірінше, еркін өзгермелі айырбас бағамы экономиканың сыртқы факторларға бейімделуіне септігін тигізді.

S&P Қазақстан қаржы секторындағы активтердің сапасы айтарлықтай жақсарғанын айтады. Елдің экономикалық өсуіне және банк секторына геосаяси факторлардың әсері бірқалыпты деп бағаланады. Ал, қаржылық тұрақтылыққа әсер етуші тәуекелдер бақылауда.

Бұл ретте Қазақстан мұнай экспортының ұзақ уақыт бойы айтарлықтай төмендегені мен бюджет тапшылығының ұлғайғаны, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету жүктемесінің өсе түскені мен басқа да қолайсыз факторлар кредиттік рейтингтің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Сонымен бірге, борыштық жүктеменің және борышқа қызмет көрсетудің өсу динамикасын бәсеңдетуге мүмкіндік беретін салық-бюджет саясатын жетілдіру, инфляциялық таргеттеу режимін дамыту, айырбастау бағамының икемділігін қолдау және экономиканың долларлануын төмендету кезінде тәуелсіз рейтинг ортамерзімді перспективада көтеру жағына қарай қайта қаралуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу