S&P халықаралық рейтинг агенттігі қазақстандық екі банкті төмен бағалады

1044

Агенттіктің дерегінше, бөлшек салымдардың әлеуметтік мәні бар сегментіндегі осы екі банктің нарықтық үлесі  4,5% және 4,1% құрады.

S&P халықаралық рейтинг агенттігі қазақстандық екі банкті төмен бағалады

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі қазақстандық төрт банктің рейтингісін қайта бағалады, мемлекет тарапынан қолдаудың төмендеуіне байланысты тағы екі банктің рейтингін төмендетті, деп хабарлады агенттікке сілтемемен Интерфакс-Қазақстан.

"Біз активтерінің көлемі жағынан ең ірі қазақстандық төрт банктің (Халық банкі, Kaspi Bank, ForteBank және ЦентрКредит банкі) рейтингін растадық.  Біздің ойымызша, аталған банктердің кез келгенінің дефолты Қазақстанның банк жүйесінің тұрақтылығына және экономикадағы банк секторының жай-күйіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін", - деп атап өтті S&P.

Сондай-ақ агенттік АТФ және Еуразиялық банктердің эмитенттерінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін "В" - дан  "В-" - ке дейін төмендетті және бұл банктердің қысқа мерзімді рейтингтерін "В" деңгейінде бағалады. Ал бұл банктердің рейтингі бойынша болжамдар – "тұрақты".  Сондай-ақ агенттік осы екі банктің ұлттық шкала бойынша рейтингтерін  "kzBB+" - дан "kzBB" - ға дейін қайта қарастырды.

"Біз аталмыш банктің рейтингтерін төмендеттік, өйткені бұл банктер көлемі жағынан кішкентай, сол себепті оларға уақтылы экстраординарлық мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігі аз", – делінген хабарламада.

Агенттіктің деректері бойынша, бөлшек салымдардың әлеуметтік мәні бар сегментіндегі осы екі банктің нарықтық үлесі  4,5% және 4,1% құрады (2019 жылғы 1 қаңтар).  S&P бұл екі банк экономиканың негізгі сегменттеріне қызмет көрсетуде  маңызды рөл ойнамайды және басқа қазақстандық банктер орындамайтын бірегей функцияларды атқармайды деп санайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның банк секторында 28 банк бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу