S&P Ресейдің кредит рейтингін төмендетті

934

Агенттік РФ-ға салынған санкциялар елдің экономикалық және сыртқы сауда белсенділігіне, оның қаржылық тұрақтылығына айтарлықтай тікелей және жанама әсерін тигізуі мүмкін екенін айтып отыр. 

S&P Ресейдің кредит рейтингін төмендетті

S&P халықаралық рейтингтік агенттігі Ресейдің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз кредит рейтингін "-ВВВ-тан" "+ВВ-ке"дейін және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингін "ВВВ-тен" "- ВВВ-ке" дейін төмендетті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ресейдің Украинадағы операциясына байланысты қатаң халықаралық санкция салынып жатыр. Бұл РФ-ның банк жүйесінің айтарлықтай бөлігіне әсер етеді деп түсіндірді S&P.

Агенттік Ресейге салынған санкциялар елдің экономикалық және сыртқы сауда белсенділігіне, оның қаржылық тұрақтылығына айтарлықтай тікелей және жанама әсерін тигізуі мүмкін деген пікірде.

"Геосаяси қақтығыс пен қосымша санкциялардың салынуы, сондай-ақ қазіргі шектеулердің түпкілікті экономикалық және қаржылық салдардың неге әкеп соғатыны белгісіз", - деді агенттік.

S&P Ресейдің кредит рейтингтерін CreditWatch тізіміне теріс болжаммен орналастырды. Бұл 90 күн ішінде елдің рейтингі қайтадан төмендетуі мүмкін екенін көрсетеді.

Бұл мәселе "Ресей үшін қолданыстағы санкциялардың толық макроэкономикалық салдары мен геосаяси қақтығыстың дамуына қатысты айқындықтың пайда болуымен" шешіледі деп толықтырды S&P. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу