С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жаңа ректор тағайындалды

2208

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жаңа ректор тағайындалды

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры болып философия ғылымдарының кандидаты Гауһар Ахметова тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.кz.

Жаңа ректорды облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев пен ҚР білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова таныстырды.

Гауһар Ғалымқызы 1995 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және әдіснама факультетін "Бастауыш және орта мектептегі музыка мұғалімі" мамандығы бойынша үздік бағамен бітірген. 2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетін "Философия тарихы" бойынша аспирантура бітірді. Ол философия ғылымдарының кандидаты, доцент, "Болашақ" Президенттік стипендиясының иегері. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Құрметті білім қызметкері атанды. Әр жылдары С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың академикалық жұмыстар жөніндегі проректоры, "Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының меңгерушісі секілді жауапты қызметтерді атқарған.

Сонымен қатар, осы күні ПМУ-дың академикалық жұмыстар жөніндегі проректоры болып Петр Быков тағайындалды. Петр Олегович 2001 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Инженер-механик" мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының кандидаты. 2008-2010 жылдары аралығында ҚР білім және ғылым министрлігінің дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері атанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу