С.Тыран: бір мұнайшы жылына 3 мың тонна мұнай өндіреді

531

Сондықтан,  кәсіпорынның ең бағалы өнімі – білікті кадр.

С.Тыран: бір мұнайшы жылына 3 мың тонна мұнай өндіреді

Кәсіпорынның табысы тікелей қызметкерлерге тәуелді. Мұнай алпауыттарының бірі "Каспий нефть" компаниясы бұған сенімді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Аталған мекеме еліміздегі ең үздік мұнай өндірушілердің үштігіне кіреді. Компания басшылығы өз қызметкерлерінің дамуына жыл сайын мол инвестиция салады. Бұл тәсіл өз жемісін де беріп үлгерген. Кәсіпорынның ұстанған бағыты, жұмысшылардың біліктілігін арттырудағы бастамаларымен тілшіміз танысып қайтқан болатын.

"Каспий нефть" компаниясының бір ғана қызметкері жылына 3 мың тонна мұнай өндіреді. Сондықтан  кәсіпорынның ең бағалы өнімі ол білікті кадр. Оны мекеме басшылығы да жақсы түсінеді. Және оны мақтанышпен айтады. Қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға да ерекше мән беріп келеді.  

Мекеме кен орындарын басқару тәсілдерін үнемі зерттеп, жаңартып отырады. Ал қызметкерлердің өздері жаңалықтардан қалыс қалмайды. Сондықтан компания әр маманның өзіне ыңғайлы уақытта жаңа білім алып немесе біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін "Caspiy Neft Bilim" онлайн оқыту платформасын іске қосқан. Онлайн қосымша өндірістік қызметке қажетті негізгі және техникалық тақырыптар бойынша көптеген курстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.  

Мұнайшылар кен орнында жұмыс істеу үшін қажетті біліммен қатар жаңа дағдыларды да игере алады. Кәсіпорынның білім беру платформасында тілдерді тіпті жаңа мамандықтарды меңгеруге болады. Біліктілікті арттыру қызметкерлердің құзыреттілігіне ғана емес, олардың қаржылық жағдайына да оң әсер ететіні анық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу