S7 әуекомпаниясы Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Мысыр, Таиланд, Оңтүстік Кореяға рейстерді тоқсатты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттіне сілтеме жасап.
Әуе компаниясының сайтындағы мәліметке сәйкес, енді S7 ұшақтары "Омбы – Павлодар – Омбы", "Новосібір – Нұр-Сұлтан – Новосібір" бағытында ұшпайды.
Жоғарыда аталған елдердің билігі Украинадағы жағдайға байланысты ресейлік авиакомпаниялар үшін әуе кеңістігін жаппаған болатын.
Осыған дейін Ресейдің әуе компанияларына тиесілі ұшақтар шетелдегі әуежайлардан ұшуға жіберілмегені туралы хабарланған болатын. Мысалы, Ыстамбұл әуежайында "Победа" әуе компаниясының Boeing 737 ұшағына, Мехикодағы Nordwind әуежайында Boeing 777 ұшағына тыйым салынған.