Сабақ арасындағы үзіліс кезінде екінші сынып оқушысы қайтыс болды

2368

Мамандардың болжамы бойынша оқушы шоколад тіліміне қақалып қалған болуы мүмкін. 

Сабақ арасындағы үзіліс кезінде екінші сынып оқушысы қайтыс болды

Қайғылы оқиға Алматы облысына қарасты Текелі қаласының №4 мектебінде орын алған. Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға сәйкес, екінші сынып оқушысы үзіліс кезінде баспалдақтан түсіп келе жатып құлап түскен. Оның артында келе жатқан ұстаз алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқан. Алайда еш нәтиже шықпапты.

"Жасанды дем беру кезінде оқушының аузынан шоколад тілімі түскен. Алдын ала болжам бойынша, бұл жазатайым жағдай болуы мүмкін. Шоколад дем алу жолдарына түсіп, оқушының тынысы тарылып, тұншыққан. Сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін бала өлімінің нақты себебі анықталады",– деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бала жедел жәрдем қызметі келгенге дейін көз жұмған. Облыстық полиция департаменті аталған факт жазатайым жағдай ретінде тіркелгенін айтты. Соған қарамастан сараптама тағайындалып, нәтижесінде нақты шешім шығарылады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу