Сабақтан тыс спорт жаттығуын өткізген мұғалімдерге 17 697 теңге төленеді

635

Допингке қарсы ұлттық орталық қызметкерлерінің жалақысы 2 есе өсті.  

Сабақтан тыс спорт жаттығуын өткізген мұғалімдерге 17 697 теңге төленеді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың сөзінше, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне сабақтан тыс спорт жаттығуларын өткізгені үшін базалық лауазымдық жалақының 100% мөлшерінде қосымша ақы беріледі. 

"Спорт саласындағы жаттықтырушы-оқытушылардың, мұғалімдердің, 4 мектеп-интернат-колледжі мен спорт колледжі тәрбиешілерінің, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларының жалақысы көтеріледі", – деді Ақтоты Райымқұлова. 

Айта кетейік, білім беру ұйымдарындағы мұғалімдердің базалық лауазымдық жалақысы – 17 697 теңге.
Министрдің мәлімдеуінше, допингке қарсы зертхана мен допингке  қарсы ұлттық орталық қызметкерлеріне, дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының, спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері мен жаттықтырушыларына лауазымдық жалақының 100% мөлшерінде қосымша ақы белгіленген. Нәтижесінде  олардың жалақысы 2 есе өскен. 

"Сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселесі біз үшін маңызды. Осыған байланысты сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамытуды, жұмысының ерекшелігі бар мамандар үшін төлем мәселесін пысықтауды жоспарлап отырмыз. Бұл мамандықтың беделін арттырып қана қоймай мультипликативті әсер береді", – деді Ақтоты Райымқұлова. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу