"Сабалған іздер бар": Жамбыл облысында қаза тапқан келіншектің құрбысы сұхбат берді

949

Қайғылы оқиға жақында болды.  

"Сабалған іздер бар": Жамбыл облысында қаза тапқан келіншектің құрбысы сұхбат берді Фото: Inbusiness.kz коллажы

Жамбыл облысында жұмбақ жағдайда көз жұмған 19 жастағы Мадина Рашидқызының құрбысы Зейнеп журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Барни" жегісі келген, баласына біреуін беріп, өзі біреуін алады. Күйеуі: "Мен бұны балаға алып келдім ғой, сен неге жеп жатырсың?" дейді. Ұрысқан соң кез келген адамның жегісі келмейді ғой. "Болды, жемеймін" деп кетіп қалған. Содан соң енесіне барған. Енесі "неге екеуің ұрысып жатырсыңдар?" деп айтқан. Күйеуі: "Сен неге менің анамды сыйламай жатырсың?" деп айтқан. Содан құрбым қол жуайын деген кезде қайтадан ұрыс басталған. Кейін оны ұрған екен", – деді марқұмның құрбысы. 

Сұхбаттасқан құрбысы марқұмның бұған дейін де соққыға жығылғанын жеткізді. Мадинаның жақындары оның "өз-өзіне қол салды" деген нұсқамен келіспейді.

"Сабалған іздер бар. Сондай-ақ мына жағы тырналған, қызарып тұр. Одан кейін аяғының бәрі көгерген, біз көрдік. Маңдайы да көгерген", – деді құрбысы.

Айта кету керек, бұған дейін Жамбыл облысында 19 жастағы ана қаза тапқанын жазғанбыз.

Полиция істі тергеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу