"Сәби аман-есен": Шымкентте оқ тиген жүкті әйелге бірнеше күрделі ота жасалды

Дәрігерлер шұғыл ота жасап, сәбидің өмірін аман алып қалды.  

"Сәби аман-есен": Шымкентте оқ тиген жүкті әйелге бірнеше күрделі ота жасалды Фото: Видеодан скриншот

Шымкентте айы-күні жақындаған жүкті әйел оқ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

39-40 аптадағы әйел жедел жәрдеммен қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның кеуде қуысы жараланып, ішіне қан кеткенін анықтаған.

Қалалық клиникалық аурухананың мәліметінше, оқ әйелдің оң жақ өкпесін, диафрагма және бауырын жарақаттаған.

– Әйелдің жағдайы өте ауыр болғандықтан, хирургтер, торакалды хирургтер, акушер-гинекологтар мен реаниматологтар шұғыл консилиум өткізіп, әйелге алдымен кесарь тілігін жасаған. Сәби аман-есен туды. Одан кейін хирургтер әйелдің кеуде және іш қуысына бірнеше күрделі операция жасап, зақымданған ағзаларын тіккен. Қазір науқас жансақтау бөлімінде, ем оң нәтижесін беріп жатыр, – деп жазады қалалық клиника.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу