Сәбидің құны 3 млн теңге: Бала саудалағандардың соты басталды

267

Қазір кішкентайлар асырап алушылардан алынып, балалар үйіне орналастырылған.

Сәбидің құны 3 млн теңге: Бала саудалағандардың соты басталды Фото: inbusiness.kz

Қарағандыда бала саудалағандардың соты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған іс бойынша сәбидің биологиялық анасы, перзентхананың медбикесі және "бала сатып алды" деп күдікке ілінген екі отбасы айыпталып отыр.

Тергеу материалдарына сәйкес, әйел 2 бөбегін беріп жіберген. Екі жағдайда да ол бұл әрекетті медбике арқылы жүзеге асырған.

Бір жұп – Алматыдан, екіншісі – Қарағандыдан. Әр сәбидің құны 3 млн теңгеге бағаланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу