Сәбиін "күн" диетасына отырғызған блогер қамауға алынды

Ал перзенті шетінеп кетті. 

Сәбиін "күн" диетасына отырғызған блогер қамауға алынды Фото: Womanhit

Ресейлік жеке даму бойынша коуч, фуд-блогер Максим Лютый Сочиде қамауға алынды. Ол сәбиін арнайы диетаға отырғызған, салдарынан бір айлық нәресте аштықтан шетінеп кеткен.

40 жастағы Максим Лютый шикі тағамдар жеп, тіпті көпшілікті "күн" энергиясымен қоректенуге үндеп жүрген танымал блогер.  Ол йога мен медитация арқылы ағзаны "тазарту" туралы кеңес берумен айналысады.

Өткен жылы Максим және оның әйелі Сочиге көшіп, сол жерде "Тірі адам" эзотерикалық клубын құрды. Бұл орталық адамдарға денсаулықтарын жақсартуға көмектеседі-мыс. Желідегі профилінде өзін арнайы техникасының көмегімен 89 жастағы әжесін бар дертінен айықтырғанын жазған.

Алайда блогердің жақындарына жүргізген тәжірибесі әжесімен аяқталған жоқ. Жуырда ол ұлды болып, бір ай да толмаған нәрестесін "күн" диетасына отырғызған.  Алдын ала мәлімет бойынша, 8 наурыз күні сәбиі аштықтан қайтыс болды. Кейін Лютый мен оның әйелі ұсталып, қамауға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу