Қарағанды облысында пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

Куәгерлер ең әуелі пойыз дәретханасынан көп мөлшердегі қанды байқаған. 

Қарағанды облысында пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген Фото: drive2.ru

Бұл туралы Liter.kz әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылорда-Астана бағытында қатынайтын жолаушылар пойызы елордаға 20 сәуір күні таңғы сағат 5:00-де келуі тиіс еді. 

Куәгерлердің сөзінше, Қарағанды станциясынан өткеннен соң пойыздың жолсерігі санитарлық аймақтағы қан іздерін байқап, еденді тазартқан. Оның айтуынша, дәретхана іші қанға боялған.

Бұл жағдай өз кезегінде жолаушылар арасында алаңдаушылық тудырады. 

Оқиға куәгерлерінің бірі не болып жатқанын анықтауға бел буған. Ол дәретханадан басталған қан ізі купеге дейін жалғасқанын байқайды. Осылайша, сол купенің ішінде көрпемен оранып жатқан адамды көрген. Көрпені көтергенде, төсектің түгелдей дерлік қанға боялғанына тап болады. Әңгімелесу барысында әйелдің баласын пойыз ішінде өзі босанғаны айтылады. 

Десек те, оқиғаның ең сұмдығы – әйелдің жаңа туған сәбиін вагон терезесінен лақтырып жіберуі. 

Дереккөздердің хабарлауынша, сәбидің денесі табылған, өкініштісі сол, нәресте қаза тапқан. 

– Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Құқықтық баға беру үшін процессуалдық шешімдер қабылданатын болады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп жауап берген Көлік департаментінің баспасөз қызметі Liter.kz редакциясының сауалына. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу