Сәбит Әбдіхалықов үш әйелінен туған балаларының басын қосты

2218

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында балаларымен түскен суретін жариялады. 

Сәбит Әбдіхалықов үш әйелінен туған балаларының басын қосты Фото: Instagram парақша

Белгілі актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықов ораза айында үш әйелінен туған балаларының басын қосты.
Суреттен актердің бірінші әйелі Айгүл Иманбаевадан туған баласы Асылжанды, Алтынай Жорабаеваның екінші қызы Айнара мен үшінші әйелі Динарадан туған екі ұлын көруге болады.

“Ораза қабыл болсын! Аллаға сансыз шүкір. Асылжан, Айнара, Хақназар, Абадан Абдумулиевтер”, – деп жазба жариялады Сәбит Әбдіхалықов.

Желі қолданушылар арасында актердің бұл әрекетін қолдағандар қатары көп.

“Сәбиттің тағдыры солай болған шығар”, “Кіші әйелінің ақылдылығы ғой”, “Бастысы бауырлар бір-бірімен араласса болды”, “Сәбит пен әйелі жаман болса бұл шаңыраққа ешкім бас сұқпас еді”, “Айгүл мен Алтынайды көргендей болдым”, – деп жазды желідегілер.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу